Аптап ыстықтан Қазақстандағы республикалық тас жолда ақау пайда болды

12:39, 28 маусым 2024

© Сурет: Telegram/qazavtojol

Бүгін, 2024 жылғы 28 маусымда "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ ақау анықталған Тараз-Қайнар жолының жағдайы туралы жедел ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компания Жамбыл облысындағы "Тараз-Қайнар" тас жолының (244 шақырым) бөлігіндегі цемент-бетон жабынындағы ақау қатты ыстықтан пайда болған деп түсіндірді.

"Жамбыл облыстық "КАЖСервис" филиалының ДЭУ-34 бөлімшесінің мамандары шұғыл шара қолданып, екі сағаттың ішінде аталған ақауды жол қозғалысына кедергі келтірмей қалпына келтірді. Облыс аумағында +45С ыстық ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Филиал мамандары жолдың цементбетон жабынын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік орнатты." "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, биыл жоспарланған жұмыстар аясында мердігер компанияның және "КАЖСервис" мекемесінің Жамбыл облыстық филиалының күшімен цементбетон жабыны бойынша орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы шара барысында республикалық маңызы бар А-2 "Өзбекстан шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас" автожолының 239-476 шақырымының Тараз-Қайнар учаскесінде жолдың отырған жерлері, ақаулары мен кеңейту буындары жөнделуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!