Тоқаев: «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» мегажобасы әлемдік BigTech компанияларын тартуы тиіс
© Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстандағы цифрлық экономиканың дамуына тоқталып, деректерді өңдеу инфрақұрылымын күшейтуге бағытталған жаңа мегажобаның маңызын атап өтті.
Президенттің айтуынша, еліміздегі цифрлық банктер мен финтех-компаниялар азаматтар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы цифрлық экожүйе қалыптастырды.
"Еліміздегі цифрлық банктер мен финтех-компаниялар тұтынушыларға және кәсіпкерлерге арналған қолайлы экожүйенің негізін қалады. Қаржы, сауда жүйелері және мемлекеттік қызметтер арасында кедергісіз цифрлық кеңістік қалыптасты", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметінше, осының нәтижесінде соңғы бес жылда электронды коммерция нарығы шамамен сегіз есеге өсіп, көлемі 3,7 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі бөлшек сауда айналымының шамамен 15 пайызын құрайды.
Президент мұндай көрсеткіштер азаматтардың цифрлық сервистерге деген сенімінің артқанын және тұтынушылық мәдениеттің өзгеріп жатқанын көрсететінін айтты. Оның пікірінше, бұл үрдісті сақтау үшін мемлекет цифрлық инфрақұрылымды үздіксіз дамытуы қажет.
Мемлекет басшысы қуатты суперкомпьютерлерді іске қосу жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару, экономика және ұлттық қауіпсіздік салаларында қолдануға мүмкіндік берген маңызды қадам болғанын атап өтті.
Сонымен бірге Президент жасанды интеллектіні дамыту үшін жоғары есептеу қуаты қажет екенін айтып, осыған байланысты жаңа инфрақұрылымдық жобаның маңызына тоқталды.
"Дәл осы себепті "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" мегажобасын қолға алудың мәні зор. Аталған жоба әлемдегі жетекші BigTech-корпорацияларды тартатын жойқын гравитациялық алаңға айналады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Үкіметке бұл жобаны ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
"Үкімет бұл міндетті айрықша бақылауда ұстауы керек. Оның орындалуын ұдайы қадағалап отырамын", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:51, 30 маусым 2026
Атырау облысында құны 619 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
-
14:45, 30 маусым 2026
Марокко пенальтилер сериясында Нидерландыны жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
-
14:35, 30 маусым 2026
Мүлікті сату: қазақстандықтарға жаңа ережелер түсіндірілді
-
14:22, 30 маусым 2026
Бұл көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс: Тоқаев еліміздегі әлеуметтік көмек жүйесіне тоқталды
-
14:14, 30 маусым 2026
Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын – Тоқаев «Amanat»-тың «Әділет» партиясына қосылуы туралы





