Алматылық әйел атақты спортшының ұлы соққыға жықты деп айып тағып отыр
© Фото: polisia.kz
Алматылық әйел қала полициясына ұрып-соғу фактісі бойынша жүгінді. Алайда, ол тергеу барысы кешеуілдеп тұр деп наразылық білдіруде. Толығырақ материалда.
Әлеуметтік желідегі жазбалардан белгілі болғандай, қала тұрғыны оны су спортының шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және жаттықтырушысының ұлы ұрып тастағанын айтты. Ол орташа ауыр жарақат алған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ жәбірленушінің айтуы бойынша тергеу әлі жүргізілмеді. Ол сондай-ақ өзінің шағымында: болған оқиғадан кейін саусағына операция жасалғанын, спиц пен бұранда орнатылғанын айтты. Мұнымен қоса, күдіктінің тергеуге әлі шақырылмағанын, 16 қазан күні спортшының ұлы оның көлігі мен жұбайының көлігіне оқ жаудырғанын, үйіне тастар мен қоқыстар лақтырғанын, отбасына қауіп төндіргенін атап өтті.
Алматы полиция департаменті редакцияның сұрауына келесідей жауап берді:
"Бостандық аудандық полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, соның нәтижесінде кінәлі жауапқа тартылады. Іс материалдары сотқа беріледі".Алматы қаласы ПД
Бұған дейін Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланғаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 22 қазан 2024
Ақтауда ұлттық киімдер шеруі өтті
-
17:43, 22 қазан 2024
Елордада тұрғынды телефонсыз қалдырған күдікті анықталды
-
17:16, 22 қазан 2024
7 азаматты алдаған ақтаулық азамат жазасын өтеп жатыр
-
16:56, 22 қазан 2024
Ұлытау облысында жанар-жағармай тапшылығы өршіп тұр
-
16:41, 22 қазан 2024
Ұлытау облысының Жезқазған қаласында «Жас сақшы» сыныбы ашылды