Ақтауда ұлттық киімдер шеруі өтті
© Сурет: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі
22 қазанда Ақтау қаласында Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған ұлттық киімдер шеруіне 500-ге жуық тұрғын қатысты.
Көшеге ұлттық киімдерін киіп шыққандардың қатарында киім дизайнерлері, тігін шеберлері, сән үйлері, сондай-ақ, қаланың ірі мекемелері мен білім беру ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары бар. Шерудің басты мақсаты – қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы оны заман талабына сай жаңғыртып, сән әлеміне енгізу.

Сурет: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі
Іс-шара ерекше форматта бастау алды. Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлекті арулар мен аналар қоғамдық көліктерге мініп, халық әндерін орындады.

Сурет: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі
Шерудің негізгі бөлігі теңіз жағалауында жалғасты. Ақсақалдар дәстүрге сай шапан мен тақия киіп, ұлттық мәдениеттің көрнекті бейнесін жеткізсе, мектеп оқушылары ұлттық нақыштағы киімдерімен шеруге ерекше сән берді. Сонымен қатар, әжелердің кимешегі мен салтанатты киімдерінен бастап, ұзатылар қыздың сәукелесіне дейін ұлттық киімдердің байырғы және заманауи үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.

Сурет: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі
Шара аясында асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту және қазақша күрес сияқты дәстүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Сурет: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, ұлттық киімдер шеруі "Маңғыстау жергілікті бастама орталығы" қоғамдық қоры қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады





