Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен телефон арқылы сөйлесті

18:42, 21 қазан 2024

© Сурет: akorda.kz

2024 жылы 21 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетсек, 2024 жылы 21 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!