Тікелей өндірушіден тауар сатып алу мүмкіндігін ұсынушы Pinduoduo қолданбасы уақытша істемей тұр
© Сурет: g2.dcdn.lt
Қазақстандықтар соңғы кездері тауар сатып алу үшін қызметіне жиі жүгінетін Қытайдың pinduoduo маркетплейсі істемей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сайттың өзінде "жүйені жаңартуға байланысты уақытша жұмысымызды тоқтатамыз" деп көрсетілген.
Ал тауарды қабылдап алушы "Қазпошта" АҚ бұл қолданбаның қашан іске қосылатындығынан хабарсыз болып шықты.
"Pinduoduo техникалық жақсартуларға байланысты 2024 жылдың 19 қазанынан бастап барлық ресми онлайн тасымалдаушылардың жұмысын уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, біз қолданбаның нақты қашан қалпына келетінін айта алмаймыз. Түсіністік пен шыдамдылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз", делінген "Қазпошта" АҚ хабарламасында.
Айта кетсек, Pinduoduo – тікелей өндірушіден тауар сатып алу мүмкіндігін ұсынатын Қытайдың электронды коммерциялық платформасы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 4 сәуір 2026
Алматыда адамдарға шабуылдаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
-
17:53, 4 сәуір 2026
«Жаңбыр жауып, бұршақ түседі». Жексенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 4 сәуір 2026
Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
-
16:53, 4 сәуір 2026
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті
-
16:47, 4 сәуір 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы





