Астанада газ баллондарын тиеген жүк көлігі мен тағы үш жеңіл көлік өртенді
© Сурет: pixabay
Астанада жүк көлігі өртеніп, оған тиелген газ баллондары бір-бірлеп жарыла бастады. Салдарынан сол маңдағы үш жеңіл көлікке зақым келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді, делінген Астана қалалық ТЖД-ның Telegram арнасында.
"Байқоңыр ауданында, Бектау көшесінде газ баллондары тиелген жүк көлігі жанып, олар ыстық жалын салдарынан жарыла бастады. Оқиға орнына келген ТЖМ күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті жойды. Сол маңда тұрған үш көлікке өрттен зақым келді". Астана қалалық ТЖД
Өрт сөндірушілер сегіз көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17 газ баллонның 11-ін өрттен құтқара алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:49, 21 қазан 2024
Тікелей өндірушіден тауар сатып алу мүмкіндігін ұсынушы Pinduoduo қолданбасы уақытша істемей тұр
-
22:06, 21 қазан 2024
«Тұман, көктайғақ, қатты жел». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:46, 21 қазан 2024
Көкшетауда құтқарушылар қиын жағдайға тап болған екі зейнеткерге көмектесті
-
21:37, 21 қазан 2024
Алматыда Республика күнінде бірқатар мәдени іс-шаралар өтеді
-
20:40, 21 қазан 2024
Қазақстан арқылы Ауғанстанға жүк жеткізілімі мәселесін екі елдің үкіметтері қарастыруда