Ұлытау облысының Жезқазған қаласында «Жас сақшы» сыныбы ашылды

16:41, 22 қазан 2024

© Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті

Жезқазған қаласындағы №3 орта мектепте полиция департаментінің ұйымдастыруымен "Жас сақшы" сыныбының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыныпқа 1973-1985 жылдары Жезқазған облыстық ішкі істер басқармасының басшысы болған милиция генерал-майоры Мұрат Құрмановтың есімі берілді.

Жас сақшы сыныбы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 16:41

Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті

Салтанатты шараға облыстық департамент басшысы Қайыркен Әлиев, қала әкімі Қайрат Шайжанов, білім басқармасының басшылары, ата-аналар мен оқушылар қатысты. "Жас сақшы" сыныбына 25 оқушы қабылданып, алғашқы сынақтан сүрінбей өтті.

Жас сақшы сыныбы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 16:41

Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті

"Біздің мақсатымыз — жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, оларды жауапкершілік пен салауатты өмір салтына баулу", — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев.
Жас сақшы сыныбы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 16:41

Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті

Іс-шара барысында облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөліністің жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Жас сақшы сыныбы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 16:41

Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті

Оқушылар мен ұстаздар қуанышты көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен бөлісті. Айта кетсек, сынып облыс көлемінде алғашқы рет ашылып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!