7 азаматты алдаған ақтаулық азамат жазасын өтеп жатыр

17:16, 22 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Ақтаудың 34 жастағы тұрғыны өзін күзет қызметінің бастығы ретінде таныстырып, жұмысқа орналастырамын деп 7 азаматты сан соқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

34 жастағы ақтаулық азамат күзетші лауазымына жұмысқа орналастырамын деп, айласын асырып, жұмысқа қолы жетпей жүрген 7 азаматтан ақша алған.

Қаражатты өз пайдасына жаратқан. Күдіктінің әрекетін өзі алдап соққан екі зардап шегуші бір-бірін танитын болып шыққаны әшкерелеген.

Осылайша ол жұмыс іздеушілерге барлығы 4 млн 200 мың теңге материалдық шығын келтірген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!