Қазақтелеком креатив пен стартаптар үйлесімін тапқан жаңа алаңқай ашты

19:12, 21 қазан 2024

© Сурет: «Қазақтелеком» АҚ

Венчурлық инвесторлар, стартаптар, индустриядағы көшбасшылар бас қосып, өршіл идеялар іске асатын орын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақтелеком Алматыда жаңа инновациялық орталық – Activation Hub-тың тұсауын кесті, ол стартаптар және кәсіпкерлермен әріптестікті дамытып, инновациялардың корпоративтік бағдарламасын, компанияның цифрлық экожүйесін кеңейтудің негізгі алаңы болуы тиіс.

Жаңа орталық оңтүстік астананың орталығында – Мақатаев көшесі 127 мекен-жайында өз есігін ашты, ғимаратта желіге қосылу, іскерлік кездесулер мен келіссөздер өткізіп, болашақ жобалар мен іс-әрекеттерді талқылауға барлық жағдай жасалған. Activation Hub мүшелері мен резиденттері немесе кез келген кәсіпкерлер мен инноваторлар мұнда ой-пікір, идея алмасып, қызығушылық танытқан демеушілермен серіктестікте өз жобаларын немесе компанияларын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін таба алады.

Қазақтелеком креатив пен стартаптар үйлесімін тапқан жаңа алаңқай ашты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 19:12

Сурет: "Қазақтелеком" АҚ

"Қазіргі уақытта Қазақтелеком – интернет, телевизия және телефония сату саласында бұрыннан қалыптасқан көшбасшы. Телеком операторлар ұзақ жылдар бойы осы өніммен әжіптеуір табыс тауып келді. Алайда бүгінде, Netflix, youtube, instagram-ның қарқынды дамуымен – көрермен жазылуынан негізгі кірісті осы платформалар алып отыр, ал телекомоператорлар бар болғаны интернет тасымалдайтын құбыр іспетті. Әлбетте, біз ондай болғанын қаламаймыз. Сондықтан, клиенттеріміздің айналасына цифрлық өнімдер мен ерекше контенттен тұратын ерекше экожүйе құрғымыз келеді. Қазірдің өзінде оған өз үлесін қосып жатқан бірнеше бағытымыз бар, бұл: Қазақтелеком, Kcell және Activ брендтерімен ұялы байланыс операторы, Стрим медиа — Salem Entartainment пен TV+ — бұл біздің телевизия мен онлайн кинотетарды біріктірген заманауи сервис және Aitu Суперапп платформасы. Енді сіздермен бірлесіп жаңа креативтік жаңалықтар енгізіп, тың стартаптар жасағымыз келеді", — деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Қазақтелеком креатив пен стартаптар үйлесімін тапқан жаңа алаңқай ашты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 19:12

Сурет: "Қазақтелеком" АҚ

Activation Hub ашылуында инновациялық бастамаларды ынталандыруға бағытталған корпоративтік инновациялық бағдарлама таныстырылды. e-Otinish, Digital ID, әлеуметтік әмиян және т.б. осыған ұқсас сәтті өнімдермен танымал BTS Digital атты қазақстандық ІТ компания – жобаның стратегиялық серіктесі болып табылады. Компанияның интеграцияланған және бір-бірін толықтыратын жеке платформалық шешімдері цифрлық қызметтердің жылдам іске қосылуына ықпал етіп, жаңа технологияларды енгізу процесін жеңілдетеді. Іс-шара қонақтары мен қатысушыларына серіктесудің мүмкіндіктері, бағдарламаға қосылу жолдары ұсынылды.

Қазақтелеком креатив пен стартаптар үйлесімін тапқан жаңа алаңқай ашты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 19:12

Сурет: "Қазақтелеком" АҚ

Қазақстанның креативті индустрияларының басты көшбасшысы – Salem Entertainment Activation Hub шеңберінде IT-стартаптарға және басқа да инновациялық жобаларға қолдау көрсететін болады. Қазіргі уақытта Salem Entertainment activ-пен ауқымды ынтымақтастықтың басталғанын жариялады. Енді Salem тарифтік жоспарын қосу арқылы ұялы байланыс операторының абоненттері медиа компаниядан телехикаялар мен фильмдер кітапханасына эксклюзив түрінде қол жеткізе алады.

"Әрине, Salem Entertainment-тің нарықтағы ең жақсы it-ойыншылармен синергиясы қазіргі уақытта шығармашылық пен технологияның өзара әрекеттесуінің көрсеткіші болады деп үміттенеміз. Сапалы креативті контент өндірісі Activation Hub аясындағы біздің серіктестеріміздің позициясы мен қол жетімділігін арттыра алады, сондықтан біз олармен бірге қуана-қуана дамимыз, әсіресе егер бұл компания өнімдерінің көрермендер арасында кеңінен таралуына мүмкіндік беріп жатса, тамаша болар еді", — деп Salem Entertainment бас продюсері Игорь Цай компанияның ұзақ мерзімді мақсаттары туралы айтып өтті.
Қазақтелеком креатив пен стартаптар үйлесімін тапқан жаңа алаңқай ашты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 19:12

Сурет: "Қазақтелеком" АҚ

Сонымен қатар, Қазақтелеком басшылығы Activation Hub ашу компания үшін инновациялық жобаларды дамытып, нарықтың жетекші ойыншыларымен серіктестік құру, цифрландыру мүмкіндіктерін талқылау және Орталықтың барлық қатысушылары мен резиденттерінің инновациялық тұрғыда өсіп-өнуі үшін арнайы алаң құру жолындағы маңызды қадам деп санайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!