«Газ баллонын шаша салды». Астанада автобустағы агрессивті жолаушы видеоға түсіп қалды

21:29, 3 мамыр 2024

© Сурет: pixabay

Астанада қоғамдық көліктің жолаушысы билет тексеретін адамның өтінішін елемеген, ал өзіне сын таққан азаматқа ол газ баллонын шашып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"City Transportation Systems" ЖШС аталған жайсыз оқиға 1 мамырда № 21 бағдарда "Ailand отбасылық демалыс орталығы" аялдамасында орын алғанын хабарлады.

"Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартты. Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастады. Жекелей ескерту жасаған жолаушылардың біріне ол газ шаша салды", делінген хабарламада.


Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.

"Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақтылы төлеуді, төлемді тексеруге көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұраймыз", - дейді көлік компаниясындағылар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!