Дзюдодан Душанбеде өтіп жатқан жарыста қос отандық спортшы қола медаль иеленді

20:43, 4 мамыр 2024

© Сурет: Оlympic.kz

Дзюдодан қос отандық спортшы Дархан Қойбағар мен Абылайхан Жұбаназар Душанбедегі Grand Slam сериясы турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 73 келіде белдескен Дархан Қойбағар өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

Кіші финалда Дархан олимпиадалық рейтингте 30-орында тұрған моңғолиялық Ерденбаяр Бацаямен белдесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

Айта кетелік, турнир барысында Қойбағар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Моңғолия балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда швейцариялық қарсыласына жол берді.

Сондай-ақ Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта өткен кіші финалда чехиялық Адам Копецкиді мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, Жұбаназар әлемдік турнирдің жүлдегері атанып қана қоймай, олимпиадалық рейтингте маңызды ұпайға қол жеткізді.

Айта кетелік, Душанбедегі Grand Slam турнирінде Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуде. Бұған дейін Мағжан Шамшадин (60 келі) күміс медальға қол жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!