«DamuBala» бағдарламасы: Шымкентте қос басқарманың бұрынғы басшылары жауапқа тартылды
© Сурет: gov.kz
Шымкент қаласының прокуратурасы "DamuBala" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Прокурорлық қадағалау актісімен бұзушылықтар жойылды, 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылғы тамыздан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады", делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2024 жылы сәуір айынан бастап 125 кәсіпкер қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысу бойынша damubala.kz платформасына 5 000 баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілген.
"Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-б. 2-б. бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді және жауапты қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды". Шымкент қаласының прокуратурасы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 19 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті





