Imanbek ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады

22:55, 3 мамыр 2024

© Сурет: видеодан алынды

"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейнеков Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясына арналған бейнебаянның аранжировкасын жасауға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған бейнебаян туралы ақпарат ҚР Президенті күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Көптен күткен оқиға! ҚР Отан қорғаушылар күніне арналады! Бірінші болып көр! Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясының клипінің тұсаукесері! Толық нұсқасы ҚР МКҚ-нің Youtube хостингіндегі парақшасында жарияланды. Сілтеме осы парақшаның биосында!Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген", делінген бейнебаян сипаттамасында.

Режиссері - Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқаны да нақтыланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!