Дөнерханадағы өрт: төтеншеліктер сыртқа сегіз газ баллонын алып шықты

20:08, 4 мамыр 2024

© Сурет: видеодан алынды

Астанада өрт сөндірушілердің күшімен дөнерханадағы өрт сөндірілді. Өрт сөндіру барысында қызыл жалын ошағынан сегіз газ баллоны сыртқа алып шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

"Донер кафесіндегі өрт оқшауланды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы - 80 шаршы метр. Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша газ баллондарынан 4-5 тарсыл болды", делінген хабарламада.


Алдында Астанада Байқоңыр ауданында тамақтану орыны - дөнерхана өртеніп жатқаны хабарланған. Оқиға куәгерлері өрт кезінде жарылыс болғанын айтып, оның видеосымен желіде бөлісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!