«ҚазАвтоЖол» ақылы жолдар арқылы гуманитарлық жүктерді тегін тасуға өтініштер түскенін айтты

19:41, 4 мамыр 2024

© Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға гуманитарлық жүкті еліміздің батысы мен солтүстік өңірлерге тегін жеткізуді сұраған көлік жүргізушілері мен еріктілерден 40-тан астам өтінім келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өздеріне ақылы жолдар арқылы гуманитарлық жүкті тасу үшін 40-тан астам өтінім келіп түскенін хабарлады.


"Бүгінгі таңда жүргізушілер мен еріктілерден 40-тан астам өтінім келіп түсті. Гуманитарлық көмектің көбісі еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне бағытталған. Шымкент, Алматы, Өскемен, Орал, Түркістан және Астана қалаларынан келіп түскен негізгі өтінімдер "Шымкент-Құлсары", "Шу-Петропавл", "Алматы-Орал", "Талдықорған-Петропавл", "Өскемен-Петропавл", "Астана-Петропавл" бағыттары арқылы жеткізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Жүргізушілер аймақтарға азық-түлік, киім-кешек, киіз үйлермен және басқа да қажетті заттарды жеткізуде.

Естеріңіз сала кетейік, ақылы жолдар 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап 5 мамырға дейін тегін болады.

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!