Биіктен құлап, қаза тапқан альпинистер: Астана соты үкім шығарды

19:30, 4 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елорданың құрылыс нысанында үш өнеркәсіптік альпинистің қаза болу фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта мердігер, ЖК басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі қағидаларын бұзып, қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлға бола отырып, көтергіш сымарқанның техникалық жай-күйі мен жарамдылығын тексермегені анықталды.

"Жазатайым оқиға төрт өнеркәсіптік альпинистің биіктіктен құлауына әкеліп соғып, абайсызда үш альпинист қаза тапты. Біреуі ауыр дене жарақатын алды", делінген сот хабарламасында.

Сотта барлық жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің, мамандар мен сарапшылардың айғақтарымен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және өндірісте болған жазатайым оқиғаны арнайы тергеу актісімен дәлелденді.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас баланың болуын таныды.


"Сот Ш-ны ҚР ҚК-нің 277-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге құрылыс-монтаж жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ш.-дан жәбірленушілердің пайдасына 5 млн теңгеден және 10 млн теңге моральдық зиян өндірілді", делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!