Құлсары қаласында 2723 тұрғын үй ауласы судан тазартылды
© Сурет: Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы
Құлсары қаласының су басқан аумақтарынан су тарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабының мәліметінше, бүгінде тартылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды. Төтенше жағдайларды жоюға Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және өндірістік мекемелердің күштері жұмылдырылған.
"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2723 тұрғын үй ауласы, 257 кәсіпкерлік және 29 әлеуметтік нысан судан тазартылды."Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан Құлсарыдағы жағдайды көрсеткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:04, 18 мамыр 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін тұрақты деп бағалады
-
09:46, 18 мамыр 2024
Ақтөбе облысында өрт кезінде екі адам қаза тапты
-
09:03, 18 мамыр 2024
Анна Данилина Италиядағы жарыстың финалына жолдама алды
-
22:58, 17 мамыр 2024
Көп бала асырап алған Мұрат: арасында орыс, украин, түркмендер де бар, бірақ бәрі қазақша сөйлейді
-
22:33, 17 мамыр 2024
Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды