Алматыда 1976 жылдан бері пайдалануда болған құбыржол ауыстырылды
© Фото: pexels
Алматыда Қожанов және Есқараев көшелерінің бойында 48 жыл бұрын пайдалануға енгізілген құбыржол ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы жаңғыртылған учаскенің ұзақтығы 1 097,5 метрді құрады.
Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 2 балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр, сондай-ақ ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және "Орбита" мен "Южный" қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жалпы, ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желілері жаңғыртылды. Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының 6 ауданында іске асырылды. Жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылған учаскелерді абаттандыру ауа-райы жағдайларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:51, 11 желтоқсан 2024
«Челси» футболшылары Алматыға келе жатыр
-
19:42, 11 желтоқсан 2024
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
-
19:35, 11 желтоқсан 2024
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары ұсталды
-
19:07, 11 желтоқсан 2024
БҚО-да тағы да бір медициналық нысан іске қосылды
-
18:57, 11 желтоқсан 2024
Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады