Алматыда тауға шыққан үш қыз құтқарушылардан көмек сұрады

21:15, 26 қазан 2026
MKZ: 1574438

© Сурет: Zakon.kz

Алматы облысы, Талғар ауданы, Букреев шыңы маңында теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2007 жылы туған үш қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тік беткейге байланысты қыздар таудан өздігінен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған. Олармен тұрақты байланыс орнатылып, орналасқан жерінің геолокациясы анықталған.


"Құтқарушылар қыздарды Бесағаш елдімекеніне қарай бағытталған тас жолға дейін аман-есен алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Қыздар әрі қарай жолдарын өз беттерінше жалғастыруды жоспарлаған".

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!