Полициядан қашпақ болған жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты
© Фото: Zakon.kz
Қостанайда Volkswagen Passat жеңіл автокөлігі мен жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген видео тарады. Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 25 қазан күні кешке болған.
"Сағат 21:10 шамасында жеңіл автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабын елемей, қозғалысын жалғастырған. Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан", – деп хабарлады полиция департаменті.
Жол апаты салдарынан Volkswagen жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Апат кезінде автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Ал "Наша газета" басылымының мәліметінше, бес адам ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Кейін апатқа қатысушылардың бірінде жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:29, 26 қазан 2026
Германияда круиздік лайнер контейнер таситын кемемен соқтығысты
-
11:18, 26 қазан 2026
26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады
-
11:08, 26 қазан 2026
Риновирус асқынуларға әкелуі мүмкін: кімдерге қауіп төнеді?
-
10:57, 26 қазан 2026
160 жылдық қазба жұмыстары тарихында алғаш рет: Троядан бірегей жәдігерлер табылды
-
10:36, 26 қазан 2026
Маңғыстауда ата-анасының көлігін рұқсатсыз айдаған жасөспірім ауылды жарықсыз қалдырды





