Екі жылға жуық уақытқа созылған наразылықтар: Вучич сайлауда жеңілгенін мойындады
© Сурет: magnific
Сербияның бұрынғы президенті Александр Вучич 25 қазанда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауда өз партиясының жеңілгенін мойындады. Алдын ала мәлімет бойынша, оппозициялық "Студенттер тізімі" қозғалысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вучичтің айтуынша, студенттер қозғалысы парламентте 135-тен 140-қа дейін орын алуы мүмкін. Ал оның Сербия прогрессивті партиясына 105 депутаттық мандат бұйырмақ. Сайлаудың түпкілікті нәтижелері әзірге жарияланған жоқ.
Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың 64,9%-ы дауыс берген. Бұл – кейінгі 30 жылдағы рекордтық көрсеткіш. DW басылымының жазуынша, Вучичтің мәлімдемесінен кейін оппозицияның мыңдаған жақтаушысы жеңісті тойлау үшін Белград көшелеріне шыққан.
"Студенттер тізімі" қозғалысы 2024 жылдың қарашасында Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалы шатырының құлауынан 16 адамның қаза табуына байланысты басталған жаппай наразылықтар кезінде қалыптасты. Наразылық акциясына қатысушылар билікті сыбайлас жемқорлық пен немқұрайлылыққа жол берді деп айыптады.
Қыркүйекте Вучич президент қызметінен мерзімінен бұрын отставкаға кеткен болатын. Ол өз партиясы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда үкімет басшысы қызметіне келуді жоспарлаған.
Вучичтің екінші президенттік мерзімі 2027 жылдың мамырында аяқталуы тиіс еді. Алайда Сербия Конституциясы оған үшінші мерзімге президенттікке кандидатурасын ұсынуға тыйым салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:49, 26 қазан 2026
Полициядан қашпақ болған жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты
-
10:36, 26 қазан 2026
Маңғыстауда ата-анасының көлігін рұқсатсыз айдаған жасөспірім ауылды жарықсыз қалдырды
-
10:17, 26 қазан 2026
Мемлекет басшысы Республика күніне орай құттықтау жолдаған шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты
-
10:16, 26 қазан 2026
Ақтөбеде TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан тұрғын бес тәулікке қамалды
-
10:08, 26 қазан 2026
Қазақстанда үш орман өрті әуеден анықталды





