Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
© Сурет: Instagram/f.c.kairat
26 қазанда Алматының "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берді. Клуб басшылығы 47 жастағы маманның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, Рафаэль Уразбахтин 2024 жылдың қыркүйегінде негізгі команданың бас бапкері болып тағайындалған. Сол маусымның қорытындысы бойынша ол алматылық клубты Қазақстан чемпионы атандырды.
Бір жылдан кейін оның жетекшілігімен "Қайрат" Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, ел чемпионатындағы атағын қорғады. Сонымен қатар клуб өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Ал 2026 жылғы маусымда алматылық команда УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
"Қайраттың" бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып бұған дейін "Қайрат-Жастар" командасын жаттықтырған Жора Арутюнян тағайындалды.
Оның жетекшілігімен алматылық клуб Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы соңғы, 30-тур аясында "Алтайға" қарсы өтетін матчқа дайындалады.
Еске салайық, бір күн бұрын "Қайрат" "Ақтөбемен" өткен кездесуде тең есеп тіркеп, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленетініне кепілдік берген болатын. Осылайша, алматылық команда биылғы маусымды іс жүзінде екінші орынмен аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:40, 26 қазан 2026
Түркияда қаңғыбас жануарлар қалмады: иттер мен мысықтар қайда жіберілді?
-
15:28, 26 қазан 2026
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
-
15:13, 26 қазан 2026
«Көшіп кеткенің дұрыс»: Қарағандыда ер адам ағаштарды жұлып тастап, кофехана қызметкеріне қоқан-лоқы көрсетті
-
14:55, 26 қазан 2026
11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді
-
14:49, 26 қазан 2026
Тіс жұлдырғаннан кейін қандай әрекеттер жасауға болмайды: стоматолог бес маңызды кеңес берді





