Алматы тауларында 3332 метр биіктікте қалған жасөспірімге құтқарушылар көмектесті

09:35, 26 қазан 2026
MKZ: 1574351

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматы тауларында кәмелетке толмаған турист өздігінен төмен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы тауларында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімге 3300 метрден астам биіктіктен түсуге көмектесті. Ол Скалистый шыңы маңында болған және таудан төмен түсу үшін құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар 2010 жылы туған жасөспірімнің орналасқан жерін геолокация арқылы анықтаған. Оны 3332 метр биіктіктен тауып, "Эдельвейс" шлагбаумына дейін қауіпсіз жеткізген. Сол жерде жасөспірім туыстарына тапсырылды.

Жасөспірімге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін Бурабайдағы тауда бір ер адамның денсаулығы сыр беріп, оған да құтқарушылардың көмегі қажет болғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!