Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды
© Фото: zakon.kz
Сауд Арабиясы мен Сингапур 2027 жылдың ортасынан бастап Сингапурдың жер асты қоймаларында араб мұнайын сақтау бойынша келісімге отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шешім Таяу Шығыстағы тасымал кезінде мәселелер туындауы ықтимал жағдайда Оңтүстік-Шығыс Азияны тұрақты шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған.
"Сингапурдың Энергетика, сауда және өнеркәсіп министрлігі мен Сауд Арабиясы корольдігінің Энергетика министрлігі бүгін Сингапурда мұнай қоймасын құруға ниетті екендіктерін айтып, бірлесіп мәлімдеме жасады... Сауд мұнайы Джуронг жер асты резервуарларында сақталады. Сақтау операциялары 2027 жылдың екінші жартысында басталады деп күтілуде", делінген Сингапурдың Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Айта кетсек, Jurong Rock Caverns жер асты резервуарының сыйымдылығы 9 млн баррелді құрайды, ал бұл дегеніміз елдің алты күндік тұтынысының көлемін қамтиды немесе 541 млн баррель болатын жылдық көлемнің 1,7%-ы.
28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қақтығысының салдары әлемдік энергетикалық нарықта қатты сезілуде. Компаниялар Ормұз бұғазы мен Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы коммерциялық кеме қатынасында туындаған мәселелерге бейімделуге мәжбүр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 26 қазан 2026
Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр
-
21:59, 26 қазан 2026
«Енді алимент төлеуден жалтару деген болмайды». Бектенов депутаттық сауалға жауап берді
-
21:59, 26 қазан 2026
«Енді ер адамдар алимент төлеуден жалтара алмайды». Депутаттық сауалға Бектенов жауап берді
-
21:15, 26 қазан 2026
Алматыда тауға шыққан үш қыз құтқарушылардан көмек сұрады
-
20:57, 26 қазан 2026
«Сығалап, телефонға түсірген». Атырау тұрғыны әйелдер дәретханасындағы оқиғадан кейін қамауға алынды





