«Енді алимент төлеуден жалтару деген болмайды». Бектенов депутаттық сауалға жауап берді
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қыркүйек айының соңында депутаттар балаларды және оларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған аналарды қорғау үшін алимент төлеушілерге бақылауды күшейтуді ұсынған болатын. Аталған депутаттық сауалға үкімет басшысы Олжас бектенов жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрылтайдың ресми сайтында премьер-министр Олжас Бектеновтің жарияланған жауабында мемлекеттік органдармен, екінші деңгейдегі банктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін атқарушылық өндіріс органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қазірдің өзінде қолданысқа енгізіліп үлгергені айтылады.
Ол борышкерлердің жұмысы, олардың жұмыс берушілері және еңбек қатынастарының мәртебесі туралы мәліметтерді алу үшін қолданылады, бұл "кіріс көздерін уақтылы анықтауға және жалақы мен өзге де кірістерге өндіріп алуды қолдану шараларын қабылдауға" мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, заңнамалық түрде сот орындаушыларының борышкерлердің кірістерін анықтау жөніндегі өкілеттіктері, оның ішінде интернет-платформалар мен мобильді қосымшалардың операторларынан, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылардан мәліметтер сұрау салу мүмкіндігін қарастыру арқылы кеңейтілді.
Сондай-ақ жолаушылар тасымалынан, жеткізу қызметінен, құмар ойындардан және электрондық ақшамен жасалатын операциялардан түсетін кірістерді анықтау бөлігінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен кірігу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бектеновтің айтуынша, алимент бойынша берешек борышкердің нақты жалақысы мен өзге де табысы негізінде, ал жұмысы немесе табысын растайтын құжаттары болмаған жағдайда республика бойынша орташа айлық жалақы негізінде анықталады.
Сондай-ақ Бектенов балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жазалау шараларын қатаңдату туралы ұсынысқа жауап берді. Оның пікірінше, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату өздігінен берешектің нақты өтелуіне кепілдік бермейді.
"Атап айтқанда, бас бостандығынан айыруға байланысты жаза тағайындау борышкердің табыс табу және алименттік міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың сипатын, жауапкершіліктің пропорционалдығы қағидатын және алименттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, қылмыстық және әкімшілік санкцияларды өзгерту мәселелері заңнамалық қызмет аясында қосымша зерделенетін болады", делінген депутаттық сауалға берілген жауапта.
Бұған дейін қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 26 қазан 2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды
-
22:24, 26 қазан 2026
Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр
-
21:59, 26 қазан 2026
«Енді ер адамдар алимент төлеуден жалтара алмайды». Депутаттық сауалға Бектенов жауап берді
-
21:15, 26 қазан 2026
Алматыда тауға шыққан үш қыз құтқарушылардан көмек сұрады
-
20:57, 26 қазан 2026
«Сығалап, телефонға түсірген». Атырау тұрғыны әйелдер дәретханасындағы оқиғадан кейін қамауға алынды





