Алматыда полиция қаруланған ер адамды тоқтатты
© Сурет: pixabay
Алматыда полицейлер шетелдік көліктің жүксалғышынан бірнеше қару түрін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полициясының мәліметіне сүйенсек, "Рубеж" стационарлық бекеттерінің бірінде полиция қызметкерлері 45 жастағы ер адамның басқаруындағы Mercedes маркалы автокөлікті тоқтатқан.
"Көлік құралын тексеру барысында жүксалғыштан қаруға және арнайы құралдарға ұқсас заттар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен нақты мақсат-міндетін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жарияланған кадрлардан көліктен пышақ, мылтық, кастет, автомат, сондай-ақ шоқпар тәрізді сияқты заттар табылғанын көруге болады.
Бұған дейін Ақтөбеде жоқ жер телімдерін сатқан ер адам ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 8 маусым 2026
Қазақстанда қызметкерлерді сақтандыру жүйесі қайта қаралуы мүмкін
-
16:08, 8 маусым 2026
«Бірнеше адам бойжеткенді күштеп ұстап тұрған»: Астана полициясы оқиғаға қатысты мән-жайды айтты
-
15:55, 8 маусым 2026
Доллар бағамы 8 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша төмендеді
-
15:39, 8 маусым 2026
Қазақстанда бірден бірнеше қауіпті құбылыс күтіледі
-
15:24, 8 маусым 2026
Еңбек министрі: Жеткіліктілік шектерінің жаңартылуы азаматтардың болашақ төлемдерін қорғауға бағытталған





