Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды
© Сурет: unsplash
Алматыда жалдамалы жеке үйлердің бірінен ер адамның денесі табылды. Кісі өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл мәліметті қалалық ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, Түрксіб ауданында 32 жастағы ер адамның денесі табылып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Қысқа мерзімде полиция қызметкерлері марқұмның қарым-қатынастағы шеңберін белгілеп, күдіктіні анықтады.
"Белгілі болғандай, ер адамдар бір күн бұрын бірге ішімдік ішкен, содан кейін олардың арасында жанжал болған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті жәбірленушіге аса ауыр жарақат келтірген, екіншінің бақилық болғанын білгеннен кейін ол қылмыс іздерін жасыруға тырысқан. Марқұмның денесін тамақты орауға арналған жылтырмен орап, оны сыртқа алып шықпақ болған", - дейді Алматы қалалық ПД.
Алайда, ведомствода атап өткендей, ол жоспарларын жүзеге асыра алмады. Ауыр қылмыс анықтағаннан кейін бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.
Бұған дейін Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 7 маусым 2026
Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір-ақ шықты
-
17:39, 7 маусым 2026
Дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады
-
16:57, 7 маусым 2026
Анна Данилина тағы да «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атағынан қағылды
-
16:49, 7 маусым 2026
Алматыда тамаққа арналған жылтырға оралған ер адамның денесі табылды
-
15:37, 7 маусым 2026
Павлодар облысында заңды білмейтін ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды





