Алматыда полицейлер пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады
© Сурет: polisia.kz
Алматыда полицейлер кілт таңдау әдісі арқылы жасалған пәтер ұрлығына күдікті азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіден есік құлпын ашуға арналған арнайы саймандар мен толық құралдар жиынтығы тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол қылмысты жалғыз өзі жасаған және дәл осындай тәсілмен жүзеге асқан бірнеше пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін.
Қазір оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
"Біз кәсіби құралдарды пайдаланып пәтерлерге кірген жалғыз ұрыны ұстадық. Қазіргі уақытта оның басқа да эпизодтарға қатысы мұқият тексерілуде. Алматы полициясы мүліктік қылмыстардың алдын алу және ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді жалғастырады. Қала тұрғындары мұндай құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмайтынын білуге тиіс", - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Қажетті жедел және процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 11 желтоқсан 2025
Тоқаев Ашхабадқа барды
-
22:13, 11 желтоқсан 2025
Астанадағы тандырханада төрт жұмысшы күйіп, ауруханаға түсті
-
21:54, 11 желтоқсан 2025
Министр Алматыда газдан уланғандардың жағдайы туралы айтты
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда көліктерден жүйелі түрде ұрлық жасаған күдікті ұсталды
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда автокөлік ұрысы қамауға алынды





