Алматыда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанда төтенше жағдай болды

17:55, 18 сәуір 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

Алматы қаласында лай көшкіні жүріп, құрылыс жүріп жатқан территорияны бүлдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Медеу ауданында болды.

"Нөсер жаңбыр мен топырақтың батпақтануына байланысты салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің аумағына 50 текше метр көлемінде сырғыма түсіп, қазан шұңқырды толтырды. Сондай-ақ, үйдің оңтүстік жағында көлемі 15-20 текше метр болатын топырақ массасы түсті", делінген 18 сәуірдегі хабарламада.

Зардап шеккендер мен қирандылар болған жоқ.

ТЖД күштерімен учаскеде егжей-тегжейлі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, айналаға төнген қауіп жоқ.

Айта кетсек, 17 сәуірде Алматыда тағы осы Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!