Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады

16:57, 9 қазан 2026
MKZ: 1571502

© Фото: Zakon.kz

Алматыда LRT жобасын іске асыруға байланысты Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу 2026 жылғы 10 қазанда сағат 08:00-ден 11 қазанда сағат 20:00-ге дейін күшінде болады.

Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Қаладағы көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!