Алматы – Өскемен тас жолында бес көлік жаппай жол апатына ұшырады

19:57, 28 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

28 маусымда Алматы-Өскемен тас жолының 42 шақырымында жаппай жол апаты орын алды. Бес көлік зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

"Аймақ полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырады. Автокөлікті басқару кезінде жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігі өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Видеода бір көліктің мыжылып қалғанын көруге болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!