Алматы ботаникалық бағы тағы да уақытша жабылады

13:19, 28 маусым 2024

© Сурет: wikimedia/Marat Rysbekov

Алматы Ботаникалық бағы келушілерге маңызды үндеу жасады. Мамандар 2024 жылдың 1 шілде күні бақ уақытша жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 маусымда жарияланған хабарламада:


"Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді".

Сондай-ақ, басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалатыны да айтылды.

"Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін".

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!