Алаяқтар смартфондарға шабуыл жасап жатыр: қазақстандықтар үшін маңызды ақпарат
© Сурет: pexels
Алаяқтар адамдардың мобильді құрылғыларын қаржылық ақпаратқа қол жеткізудің арнасы ретінде жиі қолдана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зиян келтіретін қолданбалар, жалған сілтемелер мен фейк хабарламалар арқылы киберқылмыскерлер онлайн-банкингке, CVV-кодтарға, логиндер мен құпиясөздерге және басқа да құпия деректерге қол жеткізуге тырысады. Бұл ақшаның және жеке мәліметтердің жоғалуына алып келуі мүмкін.
Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі қауіпсіздік үшін мынадай кеңестер береді:
- Антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз;
- Қолданбаларды тек ресми көздерден (Google Play, App Store) жүктеңіз;
- Қолданбалардың сұрап жатқан рұқсаттарын тексеріп, контакт, SMS, микрофон, экран сияқты функцияларға қолжетімділікті шектеңіз;
- Хаттардан, мессенджерлерден немесе push-хабарламалардан келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- Әртүрлі сервистер үшін күрделі әрі әртүрлі құпиясөздер қолданыңыз, құпиясөз менеджерлерін пайдаланыңыз;
- Банктік карталардың фотоларын, құпиясөздерді және электронды қолтаңбаны телефонда сақтамаңыз;
- Экранды бұғаттау, биометриялық қорғау және құрылғы жоғалған жағдайда қашықтан өшіру функцияларын іске қосыңыз;
- Банк қызметкері не құқық қорғау органы өкілі болып хабарласса да, ешқашан кодтар мен құпия деректерді телефон не мессенджер арқылы бермеңіз.
Қосымша ұсыныстар:
- Операциялық жүйені және қосымшаларды үнемі жаңартып отырыңыз – себебі оларда маңызды қауіпсіздік патчтары болады;
- Банктік хабарламалар арқылы қаржылық операцияларыңызды бақылаңыз, транзакцияларға лимит қойыңыз және банк қосымшасына кіруде міндетті түрде биометрияны қолданыңыз;
- Отбасы мүшелеріне (балалар мен егде адамдарға) кибергигиена ережелерін түсіндіріңіз: алаяқтық хабарламаны шынайы хабарламадан қалай ажыратуға болатынын және әлеуметтік инженерия әдістеріне қалай қарсы тұру керектігін үйретіңіз.
Егер құрылғыңызды жоғалтып алсаңыз немесе бөгде адамның рұқсатсыз қол жеткізгенінен күмәндансаңыз:
- Банктік карталарыңызды дереу бұғаттаңыз, барлық құпиясөздерді ауыстырыңыз, онлайн-банктегі барлық сессияларды өшіріңіз;
- Құқық қорғау органдарына жүгініңіз;
- Қажет болса, мобильді оператор арқылы SIM-картаны бұғаттаңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды
-
18:04, 16 желтоқсан 2025
Алматыда монша және сауна иелерімен профилактикалық жұмыс күшейтілді





