Ақтауда прокурорлардың айтқанын елемеген шенеунік айыппұл арқалады

17:38, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Ақтауда прокуратура шығарған актіні уақтылы қарамаған шенеунікке айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірлік әділет департаментінің орынбасары қадағалау органының актісін уақтылы қарамағаны үшін сот қаулысымен 8 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс прокурордың ұсынуымен қарау мерзімін реттейтін "Прокуратура туралы" Конституциялық заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін қозғалды.

"Атап айтқанда, лауазымды тұлға заңда белгіленген мерзімге қарамастан, қалалық прокуратураның ұсынуын бір айдан астам уақыт бойы тиісінше қарау жөнінде шараларын қабылдамаған. Прокуратураның талабынан кейін ұсынудың қарау қорытындысымен 8 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. Мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындап, салынған айыппұлды төледі", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіндігі ескертіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!