Ақтауда Каспий теңізінің түбінен топырақ шығарылып жатыр: себебі белгілі болды
© Фото: primeminister.kz
Каспий теңізінің су деңгейі төмендеп келеді. Бұл кеме қатынасын қиындатып, Ақтау портының жұмысына әсер етіп отыр. Сондықтан портта теңізде жүзу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған су түбін тереңдету жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Теңіз түбінен шамамен 1 млн 300 мың текше метр топырақ шығарып, айлақтағы су тереңдігін 6–7 метрге жеткізу қажет. Осылайша порттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оны Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының өсуіне дайындау көзделіп отыр, деп жеткізді "24KZ" тілшісі.
"Жұмыстардың негізгі мақсаты – Ақтау портының өткізу қабілетін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалының көлемін ұлғайту. 2028 жылға қарай осы бағыттағы тасымал көлемін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр", – деді "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ құрылыс инженері Әлкен Бегали.
Теңіздің тайыздануы кемелерге жүк тиеу көлеміне әсер етіп отыр. Ал порт арқылы өтетін жүк ағыны артып келеді. Ақтауға кемелер негізінен Бакуден келеді. Сонымен қатар Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға бағытталған транзиттік тасымал көлемі де ұлғайып жатыр.
"Өткен жылы 4 млн 909 мың тонна жүк жөнелтілді. Биылғы жоспар – 5 млн 909 мың тонна. Транскаспий халықаралық көлік бағытының басым бағыттарының бірі – контейнерлік тасымал. Өткен жылы біз жиырма футтық баламада 63 мың контейнерді өңдедік. Қазір 93 мың контейнерді өңдеуге мүмкіндігіміз бар", – деді "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Айтжанов.
Көлік министрлігінің мәліметінше, су түбін тереңдету жұмыстары порттың өткізу қабілетін арттырады. Соның нәтижесінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 30%-ға ұлғаяды деп күтілуде. Ал жүкті теңіз арқылы тасымалдау құны шамамен 10–15%-ға төмендеуі мүмкін. Су түбін тереңдету жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Ресей ғылым академиясының Мұхиттану институты ғалымдары соңғы 30 жылға жуық уақыттағы деректерді талдап, Каспийдің су айдыны 7,4%-ға қысқарғанын анықтады. Бұл шамамен 28,6 мың шаршы шақырымға тең, яғни аумағы жағынан Албаниямен шамалас.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:17, 10 қазан 2026
Оқушы алаяқтарға ата-анасының 47 млн теңгелік ақшасы мен әшекей бұйымдарын беріп қойған
-
11:28, 10 қазан 2026
Көлікке енгізілген өзгеріс жауапкершілікке әкелді
-
11:02, 10 қазан 2026
Астанада кондиционер орнатып жүрген жұмысшы 15-қабаттан құлап кете жаздады
-
10:57, 10 қазан 2026
182 млн теңгенің алтынын аяқ киімінің ұлтарағына жасырған әйел ұсталды
-
10:01, 10 қазан 2026
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды





