Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға келеді

13:31, 10 қазан 2026
MKZ: 1571609

© Фото: zakon.kz

11-14 қазан күндері Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.

Мемлекеттік сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев, король Филипп пен патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің төртінші отырысына, сондай-ақ екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысады. Бұдан бөлек, бірқатар өзге де іс-шара өткізу жоспарланған.

Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!