17 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар 4,5 теңгеге арзандады

15:48, 17 желтоқсан 2025

© Фото: freepik

17 желтоқсан күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 514,31 теңгені құрап, 4,5 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,39 теңгеге дейін арзандады (–0,15).

Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 73,22 теңге болды (–0,75).

Айырбастау пункттерінде доллар 515–517,2 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр. Еуроның бағамы 601,8–607,3 теңге, рубль 6,39–6,52 теңге деңгейінде.

17 желтоқсанда әлемдік мұнай бағасы өсті.

ICE Futures электрондық алаңында Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерстері 1,19 пайызға қымбаттап, бір баррелі 59,62 АҚШ долларын құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 1,25 пайызға өсіп, барреліне 55,82 АҚШ долларына жетті.

Ал таңертең Ұлттық банк АҚШ долларының ресми бағамын 519,61 теңге, еуроны – 610,13 теңге, рубльді – 6,54 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!