Денсаулық сақтау министрі жезқазғандық екі жасар қыздың денсаулығына қатысты тың мәліметпен бөлісті
© Сурет: Instagram/akmaralalnazarova
2025 жылдың 13 желтоқсанында Жезқазғандағы екі жасар Алисаның анасы қызын елордаға шұғыл тасымалдауды сұрап, денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрады. Шарасыз әйелдің видео үндеуі әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейін министр Ақмарал Әлназарова сәбиді санитарлық авиациямен Астанадағы қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеп, дәрігерлер баланы аяғынан тік тұрғызу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.
Ал бүгін, 2025 жылғы 17 желтоқсанда Әлназарова Астана қаласындағы балалар стационарына барып, Жезқазғаннан жеткізілген кішкентай Алисаның жағдайынан қанықты.
"Алғашқы күндерден бастап оның жағдайы дәрігерлердің ерекше бақылауында. Стационар жағдайында қосымша диагностикалық зерттеулердің толық кешені жүргізілді, баланы жоғары білікті мамандар қарап-тексерді, қарқынды терапия жалғастырылуда. Бүгінгі таңда Алисаның жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады, қабыну көрсеткіштері төмендеуде. Бала есін біледі, өздігінен тыныс алуда, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты. Емдеу жалғасуда. Жағдайды жеке бақылауымда ұстап отырмын. Қазіргі уақытта ең бастысы — баланың денсаулығы. Дәрігерлер Алисаның мүмкіндігінше тезірек сауығып кетуі үшін барлық қажетті шараларды жасауда". Ақмарал Әлназарова
Бұған дейін Жезқазғанда екі жасар қыз жансақтау бөліміне түскенін, анасы дәрігерлерді кінәлап, жоғарыдан көмек сұрағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 17 желтоқсан 2025
Тәуелсіздік күніне орай безендірілген көліктерді себепсіз тоқтатқан полицейлер жазаланады - ІІМ
-
18:58, 17 желтоқсан 2025
«Мемлекеттік туды пайдалануға түк қатысы жоқ». ІІМ Тәуелсіздік күніндегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
-
18:50, 17 желтоқсан 2025
18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауатыны болжанады
-
18:36, 17 желтоқсан 2025
Ұлытау облысында балық аулауға кетіп, ұшты-күйлі жоғалған алты адам аман-есен табылды
-
18:27, 17 желтоқсан 2025
Australian Open-2026 турнирі: Заңғар Нұрланұлының нешінші нөмірде өнер көрсететіні белгілі болды





