14 қазандағы саудада доллар бағамы өсті

15:53, 14 қазан 2026
MKZ: 1572356

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 2,14 теңгеге көтеріліп, 450,62 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 5,36 теңгеге дейін өсті (+0,01).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 67,36 теңгені құрады (+0,87).

Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 448,7 теңге, сату бағамы – 450,8 теңге. Еуроны 500,8 теңгеден сатып алып, 505,5 теңгеден сатып жатыр. Рубльді сатып алу бағамы – 5,17 теңге, сату бағамы – 5,28 теңге.

14 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,51 долларға көтеріліп, барреліне 106,2 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,45 долларға қымбаттап, 94,59 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 448,45 теңге, еуроны 501,59 теңге, рубльді 5,36 теңге деңгейінде белгіледі.

14 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталары қандай бағамен сатылып, сатып алынғанын мына жерден көруге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!