Анатолий Цой Қытайда ауруханаға түсті

18:12, 9 қараша 2026
MKZ: 1576784

© Фото: zakon.kz

Ресейлік және қазақстандық танымал әнші Анатолий Цой Қытайда шұғыл ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

37 жастағы өнерпаздың денсаулығы қазан айының соңында Түркияда гастрольдік сапарда жүргенде сыр берген. Сол кезде оған жекеменшік аурухананың дәрігерлері көмек көрсеткен.

Ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарған соң Цой сапарын жалғастыруды ұйғарған. Алайда Қытайға барған кезде әншінің денсаулығы қайта нашарлап, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген, деп жазады 5-tv.ru.

Дәрігерлер оның құрсақ қуысында қабыну процесін, перитонит пен ішкі гематоманы анықтаған. Қазір әнші Қытайдағы клиникалардың бірінде ем қабылдап жатыр.

Хабарламаға қарағанда, өнерпаздың қазіргі жағдайы жақсы. Ол көңіл күйін де түсірмей, емделіп жатыр.

Қазақстанда дүниеге келген Анатолий Цой 2014 жылы "Хочу к Меладзе" музыкалық жобасының нәтижесінде құрылған MBAND тобының мүшесі ретінде кеңінен танылды. Топ 2020 жылы тарағаннан кейін әнші TSOY сахналық атымен жеке шығармашылығын жалғастырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!