Астана-Петропавл тасжолында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында нәресте бар
© Фото: Zakon.kz
Астана-Петропавл тасжолында Volvo жүк көлігі, Hyundai Genesis және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олардың арасында небәрі төрт күндік нәресте бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 7 қарашада автожолдың 312-шақырымында болған. Оқиға салдарынан Hyundai Genesis көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады", – деп мәлімдеді полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен жолаушылардың бірі – небәрі төрт күндік нәресте. Бұл туралы Instagram желісіндегі nayza_kokshe парақшасы хабарлады.
Болжам бойынша, апатқа тіркемесі ажырап кеткен жүк көлігі себеп болуы мүмкін. Тіркеме артында келе жатқан автокөлікке соғылған.
Айта кетейік, 8 қараша күні таңертең Алматы қаласы мен Алматы облысының шекарасындағы "Мәдениет" шағынауданында Аруана көшесінде Toyota Frontlander және Lada Priora автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан көліктердегі барлық адам зардап шеккен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:32, 9 қараша 2026
Ақмола облысында полицейлер жазғы шинамен жолға шыққан 744-тен астам көлікті кері қайтарды
-
11:23, 9 қараша 2026
Әйелінің анасын баспалдақтан итеріп өлтірген ер адам сот алдында жауап береді
-
11:10, 9 қараша 2026
«Күн сайын күшейіп келемін»: Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі жағдайы туралы мәлімдеді
-
11:03, 9 қараша 2026
«Өте қиын болды»: Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінен кейін жан сырын ақтарды
-
10:58, 9 қараша 2026
Ер адам көршісін ұлының көз алдында атып өлтірді





