Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы

09:05, 9 қараша 2026
MKZ: 1576622

© Сурет: Telegram/qazavtojol

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2026 жылғы 9 қарашаға арналған жол болжамын жариялады. Сондай-ақ Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы болуы мүмкін екендігінің айтып, жүргізушілерге жолда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компанияның ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің төрт өңірінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжанып отыр:

  • Ақмола облысында;
  • Ақтөбе облысында;
  • Маңғыстау облысында;
  • Солтүстік Қазақстан облысында.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жолдың тайғақ болуы мүмкін", – деп толықтырды ұлттық компания өкілдері.

Осыған байланысты жүргізушілерге:

  • ауа райы жағдайын ескеру;
  • қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
  • жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдау;
  • күрт маневр жасаудан аулақ болу ұсынылады.
  • "Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы алуға болады", – деп еске салды қазақстандықтарға.

Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 9 қарашаға арналған дауылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктер Қазақстанның бүкіл аумағында, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыста қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын ескерткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!