«Түркия аруы» есірткі ісі бойынша қамауға алынды
© Сурет: Instagram/buseiskenderoglu
28 желтоқсан күні Ыстамбұлда есірткіге қарсы жүргізілген тергеу аясында "Түркия аруы – 2016" атағының иегері Бусе Искендероғлу ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ыстамбұл прокуратурасы ауқымды антинаркотикалық тергеу шеңберінде кезекті таңғы рейд өткізген. Оның барысында бірнеше танымал тұлға бірден қолға түскен. En.Haberler дерегінше, Бусе Искендероғлумен бірге мыналар да ұсталған:
- EGE! лақап атымен танымал рэпер;
- Süzer Holding директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Али Баран Сюзер;
- Instagram желісінде 2,5 миллионнан астам жазылушысы бар танымал блогер Шебнем Инан.
"Сұлулық, музыка, бизнес – бәрі бір жерде тоғысқан", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Айыптаулардың нақты мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Прокуратура тек ұсталғандардың барлығы заңсыз есірткі айналымына қатысты тергеу аясында қолға түскенін растады. Олардың құқықтық мәртебесі мен бұлтартпау шаралары алдағы жауап алулардан кейін белгілі болады.
Бұған дейін Париждегі метрода бірнеше адамға пышақпен шабуылдаған күдікті бостандыққа шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 7 қаңтар 2026
Филиппинде қатты жер сілкінісі болды
-
11:11, 7 қаңтар 2026
Венесуэла шегініс жасады: Трамп мұнайға қол жеткізетін болды
-
22:46, 6 қаңтар 2026
Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
-
10:07, 6 қаңтар 2026
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары болды
-
09:03, 6 қаңтар 2026
Венесуэла АҚШ-тың ықтимал шабуылына дайындалуда: 4 миллионнан астам адам жұмылдырылды





