Венесуэла шегініс жасады: Трамп мұнайға қол жеткізетін болды
© Фото: zakon.kz
Венесуэланың уақытша билігі АҚШ-ты 30-дан 50 миллион баррельге дейінгі жоғары сапалы мұнаймен қамтамасыз ететін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social-дағы парақшасында жазды.
"Мұнай нарықтық бағамен сатылады, бұл қаражатты Венесуэла мен Америка Құрама Штаттары халықтарының игілігіне пайдалануға кепілдік беру үшін АҚШ президенті ретінде өзім жекелей бақылауыма алатын боламын!" Дональд Трамп
Президент мұнайды теңіз арқылы жеткізіп, АҚШ-қа тікелей әкеліп түсіретінін айтты.

Сурет: truthsocial
Бұған дейін Дональд Трамп Николас Мадуроның орнына келетін тұлға алдына бірқатар талаптарды алға тартқан болатын. Оның пікірінше, Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес мыналарды орындауы керек:
- есірткі арналарының жолын кесу бойынша шаралар қабылдау;
- Иран, Куба және басқа да "Вашингтонға қарсы тыңшыларды" елден шығару;
- АҚШ-тың бақталастарына мұнай беруді тоқтату.
Сонымен қатар АҚШ Родригес еркін сайлауға ықпал етіп, жаңа басшы сайланғаннан кейін "орнын босатады" деп үміттенеді.
Сондай-ақ, Трамп бұған дейін Родригесты ынтымақтастық танытудан бас тартқан жағдайда оңдырмайтынын айтып, қорқытқан. Бірақ, АҚШ шенеунік қолына тек "қамшы" ұстатып қана қоймай, яғни әскери шаралардан бөлек "тәтті" де ұсына алатынын айтқан. Бұл арада санкцияларды алу және Катар мен Түркиядағы Родригестің бұғатталған активтерін босату туралы сөз болып отыр.
Бұған дейін Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болуы мүмкін екені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





