Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасында үндістандық студенттер көз жұмды

10:58, 8 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматы облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, онда үндістандық студенттер қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласындағы Үндістан елшілігі апат туралы мәлімет берді. Белгілі болғандай, оқиға 2026 жылғы 6 қаңтар күні таңертең Алматыға жақын жерде болды. Көлікте бес үнді азаматы болған – төрт студент Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан және біреуі турист, олар Шымкенттен Алматыға келе жатқан.

"Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал қалған үш адам ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде", – делінген дипломатиялық өкілдіктің Instagram парақшасында.

Елшілік қаза болған студенттердің отбасыларына көңіл айтты.

Жол апаты туралы ресми ақпаратты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен алдық:

"Полиция қызметкерлері Алматы – Бішкек автожолының 86-шы шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы Toyota Alphard жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті аударған. Жол апаты нәтижесінде жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Екі жолаушы кейін медициналық мекемеде көз жұмды, қалған үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды".

Полиция барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, 5 қаңтарда Астанада минивэн орталық парк маңындағы автобустық аялдаманы соғып кеткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!