Венесуэланың мұнай қоры әлеммен салыстырғанда қандай деңгейде
© Сурет: freepik
Венесуэла әлемдегі ең ірі мұнай қорына ие ел саналады. Алайда қазіргі таңда оның жаһандық энергетикалық нарықтардағы рөлі бұрынғы онжылдықтармен салыстырғанда айтарлықтай әлсіреген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ОПЕК-тің 2025 жылға арналған Annual Statistical Bulletin деректеріне сәйкес, АҚШ пен Сауд Арабиясы тәуліктік мұнай өндіру көлемі бойынша көш бастап тұрған кезде, Венесуэлада өндіріс соңғы бірнеше онжылдық бойы тұрақты түрде төмендеп келеді.
Венесуэлада шамамен 303 миллиард баррель барланған мұнай қоры бар. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш және ол тіпті Сауд Арабиясының қорынан да едәуір көп.
Елге әлемдік мұнай қорының шамамен 17 пайызы тиесілі. Бұл ресурстардың негізгі бөлігі Ориноко өзені алабында шоғырланған.

Сурет: Visual Capitalist
Ресурстық әлеуеті зор болғанына қарамастан, 2024 жылы Венесуэла мұнай өндіру көлемі бойынша әлемде тек 21-орында тұрды. Ел тәулігіне шамамен 960 мың баррель мұнай өндірген.
1970-жылдардағы ең жоғары кезеңінде Венесуэла тәулігіне 3,5 миллион баррельге дейін мұнай өндіріп, сол кездегі әлемдік өндірістің 7 пайыздан астамын қамтамасыз еткен. Ал 2010-жылдары мұнай өндіру күрт төмендеп, өткен жылы орта есеппен тәулігіне 1,1 миллион баррель шамасында болды. Бұл – жаһандық көлемнің шамамен 1 пайызы.
Венесуэла Иран, Ирак, Кувейт және Сауд Арабиясымен бірге ОПЕК-ті құрушы мемлекеттердің бірі болған. Алайда өндіріс көлемінің азаюына байланысты елдің ұйым ішіндегі ықпалы айтарлықтай әлсіреді.
Ал Қазақстанға келсек, елімізде шамамен 30 миллиард баррель мұнай қоры бар.
Бұған дейін Венесуэланың уақытша билігі АҚШ-ты 30-дан 50 миллион баррельге дейінгі жоғары сапалы мұнаймен қамтамасыз ететін болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:02, 9 қаңтар 2026
Медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өсті
-
23:20, 8 қаңтар 2026
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді
-
23:07, 8 қаңтар 2026
Қазақстан фристайл-акробатикадан Канадададағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады: нәтижелер
-
22:42, 8 қаңтар 2026
Шаңғымен тұғырдан секіру: қазақстандықтар «Төрт тұғыр турнесінде» қалай өнер көрсетті
-
22:20, 8 қаңтар 2026
Қызылордада екі адамды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды





