Қазақстанда киберқауіпсіздік аудиті басталады
© Фото: pixabay
Қазақстанда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданып, жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Бірінші вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев депутаттық сауалға берген жауабында айтты.
Ол киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен жеке секторды қамтитын экожүйе құрылып отырғанын атап өтті.
"Атап айтқанда, техникалық қорғау Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығы, Мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы, қаржы секторындағы салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы және жеке Оперативтік ақпараттық қауіпсіздік орталықтары арқылы қамтамасыз етіледі. Оқиғалар бойынша ақпаратты жедел алмасу үшін ҰАҚҮО мен ОАҚ арасындағы байланыс орнатылған, онда мамандар ақпараттық қауіпсіздікті тұрақты түрде қадағалап, мемлекеттік жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды нысандарын иелеріне қолдау көрсетеді", – деп хабарлады министр.
Сонымен қатар, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарға өздерінің деректеріне қолжетімділікті рұқсат беру немесе тыйым салу арқылы бақылауға мүмкіндік беретін мемлекеттік деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі жұмыс істейді.
"Цифрлық кодекс аясында жеке деректерді қорғау саласындағы заңнаманы жаңарту, жауапкершілікті күшейту, киберқауіпсіздік аудитін енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру жоспарланған. Осылайша қабылданып жатқан кешенді шаралар мемлекеттік цифрлық жүйелерді сенімді қорғауға, цифрлық экожүйені тұрақты, қауіпсіз және ашық етуге бағытталған", – деп қосты Жаслан Мадиев.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы киберқауіптерге қарсы шаралар қабылдауды тапсырған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:13, 9 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер инсульт алған жүргізушіні құтқарып қалды
-
09:02, 9 қаңтар 2026
Медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өсті
-
23:20, 8 қаңтар 2026
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді
-
23:07, 8 қаңтар 2026
Қазақстан фристайл-акробатикадан Канадададағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады: нәтижелер
-
22:42, 8 қаңтар 2026
Шаңғымен тұғырдан секіру: қазақстандықтар «Төрт тұғыр турнесінде» қалай өнер көрсетті





