Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары болды
© Сурет: Telegram/RKadyrov_95
Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі, сондай-ақ республика басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы – 20 жастағы Ахмат Қадыров жаңа қызметке келді. 2026 жылғы 5 қаңтарда ол Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Бұл ақпаратты Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында жариялады.
Қадыровтың айтуынша, 2026 жыл үкімет құрылымындағы шағын кадрлық өзгерістерден басталды.
Сонымен қатар Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат жөніндегі министрі Ахмед Дудаев та үкімет төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Сурет: Telegram/RKadyrov_95
Ел басшысы Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаевтың басқарушылық тәжірибесі мол екенін, өздеріне жүктелген бағыттардың ерекшелігін терең меңгергенін және жауапты әрі тиімді басшы ретінде өзін көрсете білгенін атап өтті.
Айта кетейік, Ахмат Қадыров 2024 жылғы ақпаннан бастап жастар істері жөніндегі министр қызметін атқарған. Бұған дейін ол дене шынықтыру және спорт министрінің бірінші орынбасары болды, сондай-ақ Шешенстандағы "Алғашқылар қозғалысы" балалар мен жастар қозғалысының өңірлік бөлімшесі кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Сол жылдың мамыр айында Ахмат Қадыров Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





