Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
© Фото: zakon.kz
Венесуэладағы әскери операция аясында америкалық конгрессмен Эйприл Делэйни демократтарды АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау процедурасына кірісуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өз сайтында Трамптың Конституцияда талап етілгендей заң шығарушылардың санкциясынсыз әрекет еткенін жазды. Конгрессмен президент өкілеттігі шеңберінен шығып, тежеу мен тепе-теңдік жүйесіне селкеу түсіріп жатқанда шеттеп қала алмайтынын атап өтті. Ол бұл мәселені фракция ішінде жедел талқылауды талап етті.
"Мен президент өз өкілеттігі шеңберінен шығып, тежеу мен тепе-теңдік жүйесіне селкеу түсіріп жатқанда жәйдан-жай қарап тұра алмаймын", - деді ол.
АҚШ 2026 жылдың 3 қаңтарына қараған түні Венесуэлаға соққы беріп, оның көшбасшысы Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флоресті ұстады. Оларды АҚШ-қа алып кетті. Мадуро мен оның жұбайына "есірткі терроризмі", қару ұстау және есірткі контрабандасы бойынша айып тағылды. Саясаткердің өзі және оның әйелі Нью-Йорк сотында сөз сөйлеп, өздеріне тағылған айыппен еш келіспейтінін мәлімдеді. Кейінірек ел Америка Құрама Штаттарының шабуылына ұшыраған жағдайда деген қауіппен 4 миллионнан астам венесуэлалықтар мобилизацияға ілінгені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 7 қаңтар 2026
Филиппинде қатты жер сілкінісі болды
-
11:11, 7 қаңтар 2026
Венесуэла шегініс жасады: Трамп мұнайға қол жеткізетін болды
-
10:07, 6 қаңтар 2026
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары болды
-
09:03, 6 қаңтар 2026
Венесуэла АҚШ-тың ықтимал шабуылына дайындалуда: 4 миллионнан астам адам жұмылдырылды
-
22:59, 5 қаңтар 2026
Жаппай блэкаут, Берлин, терроризм. Германияда не болып жатыр





